Ел мақтанышы мерейімізді үстем етпек!

«PROСПОРТ Қазақстан» тілшісі қазақстандық боксшымыздан алдағы уақытта не күтуге болатынын болжап көрмек.

Геннадий Головкин – еліміздегі ең мықты боксшыларымыздың бірі. Әуесқой бокстағы көптеген жарыстарда жеңіске жеткен спортшымыз, кәсіпқой бокста барша әлемді таң қалдыруда. 2004-ші жылы өткен Олимпиада ойындарының финалында ресейлік Гайдербек Гайдербековке ұтылған Геннадий екі жылдан соң кәсіпқой боксқа ауысты.

Қазақстандық боксшы өзінің менеджері Олег Германмен бірге германиялық «Юниверсум» промоутерлік компаниямен келісімшартқа отырды. Төрт жыл бойы Головкин «әлсіз» боксшылармен жұдырықтасып, чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке шыға алмай жүрген болатын.Бұл үшін германиялық промоутерлік компанияны кінәлауға болады, себебі ол кезде «Юниверсумның» боксшысы Феликс Штурм орта салмақта әлем чемпионы еді. Ал Гена жұрт назарына іліне қоймаған. Феликс – Германиядағы ең сүйікті спортшылардың бірі болғандықтан Головкиннің промоутері оны Штурмға жақындатпады. Кім біледі? Қос мықты арасында жекпе-жек өтсе Головкин үш жыл емес, бес-алты жыл бұрын Әлем чемпионы атанар ма еді.

Бес жыл бойы германиялық промоутердің қол астында жүрген Головкин бірде-бір маңызды жекпе-жек өткізе алмай, «Юниверсумнен» кетуге мәжбүр болды. Десек те, германиялықтар оны жібергісі келмеді, екі жылға созылған соттың шешімі бойынша Головкин немістермен келісімшартты бұзды. Артынша, ағайынды Кличколардың К2 промоутерлік компаниясымен байланыс орнатып келісімге келді.

Сол уақыттан бастап Головкиннің тасы өрге домалай бастады. Алдымен, ол IBO чемпиондық белбеуін ұтып алса, кейін WBA тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атанды. Содан соң, К2 промоутерлік компаниясының директоры Том Леффлер оған АҚШ-қа жол ашты. Головкин атақты НВО телеарнасындағы алғашқы кездесуінде польшалық Гжегож Проксанны нокаутпен ұтты.

Соңғы екі жыл ішінде Головкин НВО арнасында өткізген бес кездесудің бесеуінде де нокаутпен жеңіске жетті. Прокса, Росадо, Маклин, Стивенс және Гилл, - біреуі де Генаның жұдырығына шыдас бере алмады.

Әлемнің үздік «панчерлері» қатарында көш бастаған Гена сегіз жыл бойы жекпе-жектерін мерзімінен бұрын «нокаутпен» аяқтап келеді. Майқұдықтың тумасы осы күнге дейінгі кәсіби карьерасында 27 боксшыны шалқалай құлатты. «Панчер» - атағына ие болған біздің боксшымыз әлі де барша әлемді таң қалдыратынына күмән жоқ.

Екі қолмен де құлаштап ұратын Головкиннің техникасы... ойлау қабілеті арқасында нағыз бокс жұлдызына айналды. Ұзынқұлақтан естуімізше жерлесіміз әйгілі Флойд Мэйвезермен бетпе-бет кездесуі мүмкін.

Орта салмақтағы бұрынғы көшбасшы боксшы Серхио Мартинес 39 жасына дейін чемпион болып келген. Яғни, Головкин де ұзақ уақыт бойы тағынан таймайды деген сенім мол.

Екі аптадан кейін, Гена НВО аренасында кезекті жегпе-жегін өткізеді. Қарсыласы мексикандық боксшы - Марко Антонио Рубио. Кездесу Лос-Анжелес қаласындағы StubHUB аренасында өтеді. Қазірде барлық билеттер сатылғаны белгілі болды. Ендеше Сарыарқа төсінен шыққан баһадүрдің жолы болсын дейміз...

Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или