Қазақстандық биатлоншы Аустрияда жеңімпаз атанды

Қазақстандық биатлоншы Аустрияда жеңімпаз атанды

<span>Австрияда биатлоннан халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.</span>

<span>Жасөспірімдер арасында 7,5 шақырымға созылған спринтерлік жарыста қазақстандық Никита Акимов бірінші орын иеленді.</span>

<span>Никита ату кезінде мүлт кетпей, аталған қашықтықты 20 минут, 56,2 секундта жүріп өтті. Ал Қазақстан сапынан сынға түскен Семен Вдовин 20, Вадим Куралес 23, Данил Червенко 28-нәтиже көрсетті.</span>

<span>10 шақырымға созылған жасөспірімдер додасында Владислав Киреев оныншы орынға табан тіреді.  Қыздар арасында Ксения Долголапова 11, Арина Крюкова 14, Полина Егорова 25, Кристина Титиевская 45-орыннан көрінді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или