Жұмасқалиевтың жүлдесі үшін турнир өтті
<p>
<strong>«Тобылдың» капитаны Нұрбол Жұмасқалиев жас қостанайлық футболшыларға тілегін айтты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты. </strong></p>
<p>
«Ең алдымен, сендерге сәттілік тілегім келеді, себебі сендер - қостанайлық емес, бүкіл қазақстандық футболдың болашағысыңдар. Осындай турнирлердің жиі ұйымдастырылып тұруын тілеймін. Сондай-ақ, жағымды көңіл күй алып, шеберліктеріңді шыңдап, спортты жақсы көріңдер. Бұл турнир жыл сайыс өтеді деп үміттенемін. Келесі жылы бұдан да жақсы ұйымдастырылады. Келесі жылға дайындалыңдар. Сәттілік», - деді Жұмасқалиев.</p>
<p>
</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или