Бокс

Нұрсұлтан Жаңабаевтың келесі қарсыласы белгілі болды

Нұрсұлтан Жаңабаевтың келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Нұрсұлтан Жаңабаевтың (8-0, 5КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн мен қарсыласы белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

21 желтоқсанда Красноярскіде (Ресей) өтетін бокс кешінде Жаңабаев Венесуэла боксшысы Эрнесто Эспанамен (30-2-1, 25KO) жұдырықтасады.

Айта кетейік, дәл осы кеште тағы бір қазақстандық боксшы Айдос Ербосанұлы (12-0, 8КО) да өнер көрсетеді.

Еске сала кетейік, Жаңабаев соңғы жекпе-жегі 14 тамызда Сиднейде (Австралия) өткізген боладын. Ол кезде Стив Гагоны төрешілердің шешімімен жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0