Футзал

Италия чемпиондарымен ойында «Қайрат» камбэк жасады

Италия чемпиондарымен ойында «Қайрат» камбэк жасады
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасы элиталық кезеңіндегі екінші ойынында италиялық «Песаро» командасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен ойын 5:3 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

«Қайрат» кеше испаниялық «Эль Посо» командасынан 1:4 есебімен жеңіліп қалған еді. Ал «Песаро» болса «Бенфика» қақпасына бес гол соққан. Сол үшін де италиялық команда бүгін жеңіске жетіп, соңғы турда «Эль Посомен» финалдық кезеңге берілер жалғыз жолдамаға таласқысы келген. Алайда алаң иелелері бұған мүмкіндік берген жоқ.

Алматылық команда алғаш болып есеп ашқанымен, бірінші таймда қақпасына екі гол өткізіп алды. Бұл аздай екінші тайм бастала сала италиялықтар тағы бір гол соғып кетті. Есеп 1:3-ке жеткен. Алайда «Қайрат» ойыншылары үш минутта үш гол соғып, есепте қайта алға шықты. Ал ойын аяқталар тұста Біржан Оразов соққан гол матчтың нүктесін қойды.

«Қайрат» топтағы келесі матчын «Бенфикаға» қарсы өткізеді.

УЕФА Чемпиондар лигасы – 2019/2020. Элиталық раунд. С тобы. 2-тур

«Қайрат» - «Песаро» - 5:3 (1:2)

Гол соққандар: Эдсон 5 (1:0), Фелипе Тонидандел 10 (1:1), Салас 10 (1:2), Жулио Де Оливейра 22 (1:3), Эдсон 27 (2:3), Габриэл 28 (3:3), Луизиньо 29 (4:3), Оразов 40 (5:3)

«Қайрат»: Игита (Қ, К), Нұрғожин, Ранжел, Диего, Тайеби, Дуду (Қ), Габриэл, Эдсон, Леннон, Есенаманов, Тұрсағұлов, Дуглас, Оразов, Луизиньо.

«Песаро»: Миарелли (Қ), Салас, Онорио, Таборда, Марселиньо, Дионизи (В), Джонсон (Қ), Кардуччи, Тонидандел (К), Гава, Фортини, Борруто, Канал, Де Оливейра.

22 қараша. Алматы, Балуан Шолақ спорт сарайы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер