Футзал

«Қайрат» Элиталық кезеңді жеңіліспен бастады

«Қайрат» Элиталық кезеңді жеңіліспен бастады
news-banner7
mobile-news-top

Чемпиондар лигасы Элиталық кезеңінің алғашқы ойынында алматылық «Қайрат» испаниялық «Эль Посодан» 1:4 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қайраттың» басымдылығымен өткен алғашқы таймның соңғы минутында, өкінішке орай, қонақтар есеп ашып кетті. «Эль Посо» капитаны Алекс сол қапталда Дәурен Нұрғожинді айналып өтіп, қақпа алдында пас шығарған еді. Керек жерден керек уақытта табыла кеткен Фернан Игита қақпасына бірінші голды соқты.

Екінші тайм қазақстандық команданың шабуылдарымен басталды. Үздіксіз шабуылдар өз нәтижесін беріп, Луизиньо таблодағы көрсеткішті теңестірді.

Алматылық ұжым матчта алғаш рет есепте алға шығатын бірнеше мүмкіндіктерді жіберіп алды. Ал, испаниялықтар болса соңғы алты минуттың ішінде командамыздың қақпасына жауапсыз үш доп соғып, үш ұпайды қоржынға салып кетті.

«Қайрат» топтағы келесі матчын ертең «Бенфикаға» қарсы өткізеді.

УЕФА Чемпиондар лигасы – 2019/2020. Элиталық раунд. С тобы. 1-тур

АФК «Кайрат» - «Эль-Посо» 1:4 (0:1)

Голдар: Луизиньо 28 - Фернан 19, Маттеус 34, Алекс 36, Альберто 37

АФК «Кайрат»: Игита (Қ) (К), Эдсон, Диего, Тұрсағұлов, Оразов, Дуду (Қ), Габриэл, Нұрғожин, Ранжел, Джон Леннон, Есенаманов, Дуглас Жуниор, Тайеби, Луизиньо.

«Эль-Посо» Мурсия: Карлос Эспиндола (Қ), Тольра, Андресито, Алекс, Фернан, Феде (Қ), Альберто, Фелипе Валерио, Поль, Хиль, Кадзуя, Маттеус, Майор, Фелипе Парадински.

21 қараша. Балуан Шолақ.

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер