Кәсіпқой бокс. Иса Ақбербаев қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді
<p>
<strong>Қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев пен америкалық Джованни Сарран арасында жекпе-жек өтті.</strong></p>
<p>
АҚШ-тың Калифорния штатындағы Санта-Монике қаласында өткен кездесуде төреші төртінші раундта жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Иса Ақбербаев техникалық нокаутпен жеңіске жетті.</p>
<p>
Бұл - қазақ боксшысының кәсіпқой шаршы алаңдағы 13-ші жекпе-жегі. Ол барлығында жеңіске жетіп, 9 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или