Дидар Хамза: Олимпиада жолдамасын алуға бар күшімді саламын

Дидар Хамза: Олимпиада жолдамасын алуға бар күшімді саламын

Дзюдодан ұлттық құраманың мүшесі Дидар Хамза Prosports.kz сайтына Олимпиадаға дайындығы туралы айтып берді.

- Қазіргі уақытта Олимпиаданың жолдамасын жеңіп алу үшін бар күшімді салып жатырмын. Одан кейін Олимпиадада ел намысын абыроймен қорғаймын деп үміттенемін. 

Дайындығым жақсы. Қажетті ұпайдың жинау үшін уақыт та, мүмкіндік те жеткілікті. Мысалы, ұлттық құрама 12-14 желтоқсан күндері Қытайдың Циндао қаласында өтетін «Мастерс» сериясы турниріне қатысқалы отыр. 

Менің салмағымда біршама мықты қарсыластар бар. Ал өзіміздің спортшыларға келер болсақ, Руслан Мұсаев - басты бәсекелесім. Ол үлкен турнирлерге қатысқан, тәжірибесі бар балуан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или