Кака: Қарсыласқа сәттілік серік болды

Кака: Қарсыласқа сәттілік серік болды

«Қайрат» АФК бас бапкері Кака Алматыдағы Чемпиондар лигасының элиталық кезең аясында өткен «Эль Посоға» қарсы матчтағы жеңілісті түсіндіруге тырысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Әрине, өте өкінішті. Мен Балуан Шолақта алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты. Командамның жеңісіне сендім. Есепті теңестірдік, біршама шабуылдадық, бірақ гол жіберіп алдық. Екінші гол команданың ұнжырғасын түсірді.

Екінші таймды жақсы ойнадық. Бірінші таймда екі команданың доп соғатын мүмкіндіктері аз болды. Қанша шабуылдасақ та, қарсыластың қақпасына доп енбей қойды. Оларға сәттілік серік болды десем болады. 

Ертең бізде тағы ойын бар. Бұл өте қиын топ. Тек ертеңгі матч жайлы ғана ойлауымыз керек.

- Қарсылас сізді таң қалдырды ма? Немесе испаниялық команданың дәл осындай ойын көрсете алатынын білдіңіз бе?

- <span>«Эль-Посоға» қарсы біз алдында да ойнадық. Бұл - футзал. Егер өз мүмкіндіктерінде пайдалана алмасаң, міндетті түрде жеңілесің. Дәл солай болды. </span>

«Қайрат» Элиталық кезеңді жеңіліспен бастады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или