Бокс

Ұлан-Батырда бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды

news-banner7
mobile-news-top

Сары құрлық бәсекесінде ерлер және әйелдер құрамамыз да сәтті өнер көрсетті.

Ерлер құрамасы 6 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен жалпы командалық есепте топ жарды.

Азия чемпионы атанған боксшылар: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (49 кг), Махмұд Сабырхан (52 кг), Бейбарыс Жексен (56 кг), Дархан Дүйсебай (64 кг), Тоғамбай Сағындық (91 кг), Аманат Сабырғали (+91 кг), күміс: Азамат Бектас (75 кг), қола: Марғұлан Айдарұлы (69 кг), Ерасыл Жақпеков (81 кг).

Қазақстан құрамасының ізін ала 2 алтын, 4 күміс, 2 қола жүлдемен Өзбекстан екінші сатыға жайғасса, үздік үштікті 1 алтын, 2 қоламен Жапония боксшылары түйіндеді.

Ал еліміздің әйелдер құрамасы 5 күміс 1 қола жүлдеге қол жеткізді.

Әнел Сақыш (51 кг), Ұлжанай Мамутова (60 кг), Майа Бейсебаева (69 кг), Арайлым Бақытжанқызы (81 кг) мен Гүлсая Ерісан (81 кг) ақтық сында есе жіберсе, Балжан Асқар (64 кг) қола жүлдегер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер