Головкин - Рубио кездесуі KAZsport арнасының тікелей эфирінде көрсетілмек

Головкин - Рубио кездесуі KAZsport арнасының тікелей эфирінде көрсетілмек
<p style="text-align: justify;"> <strong>KAZsport телеарнасы Головкин мен Марко Антонио Рубио арасындағы жекпе-жек тікелей эфирден көрсетеді, деп хабарлайды арнаның ресми сайты.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен WBC нұсқасы бойынша уақытша Әлем чемпионы мексикалық Марко Антонио Рубио жекпе-жегі 18-ші қазан күні Карсондағы (Лос-Анджелес, Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өтеді.</p> <p style="text-align: justify;"> &laquo;Головкин мен Рубио жекпе-жегін тікелей эфирде ұсынамыз. Сонымен қатар, Головкин кездесуінің андеркартында жұдырықтасатын тағы бір қазақстандық Руслан Мадиевтің де жекпе-жегін міндетті түрде көрсетеміз. Оның қарсыласы &ndash; мексикалық Хоан Валенсуэла&raquo;, - деді KAZsport телеарнасының директоры Диас Ахметшәріп.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или