11 қараша 23:48

Қанат Ислам жанкүйерлеріне алғыс білдірді

Тегтер: Канат Ислам
Қанат Ислам жанкүйерлеріне алғыс білдірді

26 қазан күні 34 жастағы намибиялық боксшы Уолтер Каутондокваны төрешілер шешімімен жеңген Қазақстан боксшысы Қанат Ислам аздаған демалыстан соң, Instagram әлеуметтік желісінде жанкүйерлеріне алғыс білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Халқым! Әрқашанда қолдап және қамқорлық жасағандарыңыз үшін алғыс білдіремін!
Жекпе-жектен кейін демалыс алып, біраз уақыт әлеуметтік желіден де алшақтап, қайта оралдым!

Жақында жаңа жекпе-жекке дайындықты бастаймын! 
Маған байланысты барлық жаңалықтарды осы парақшадан біле жүріңіздер! Әлі де бағындыратын белестер алда. Сондықтан менімен бірге болыңыздар! Алға Қазақстан!», деп жазды Ислам.

Айта кетелік Каутондоквамен жеңген Исламды осы кезге дейін сынап жатқандардың қарасы өте көп. Төрешілердің бұра тартқаны туралы сыни пікірлер желілерде өріп жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Тегтер: Канат Ислам
Пікірлер 0

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

Үздік материалдар

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.

Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.