Қысқы

Әжғалиев - бабында

Әжғалиев - бабында
news-banner7
mobile-news-top

Монреальда (Канада) шорт-тректен әлем кубогының кезекті кезеңі өтті. Қазақстандық шорттрекші Абзал Әжғалиев бұл жолы да бабында екенін көрсетті, деп жазады Prosports.kz.

Ерлер арасында 1000 метрлік қашықтықта Қазақстан құрамасының көшбасшысы Абзал Әжғалиев ширек финалға жолдама алды. Ол өзінің жүгірісі кезегінде 1:28.631 көрсеткішімен мәреге бірінші болып келді.

Еске сала кетелік, 4 қараша күні АҚШ-тың Солт-Лейк-Ситиінде өткен ерлер арасындағы 500 метрлік қашықтықта бақ сынаған Қазақстан құрамасының көшбасшысы Абзал Әжғалиев қашықтықты 39,881 секундта жүгіріп өткен болатын. Ол финалдық сырғанауда Олимпиада чемпионы, қытайлық У Дацзин мен венгриялық Шандор Шаолинь Люге жол берді.

Айта кетейік, тағы бір қазақстандық Денис Никиша өзінің жүгірісі кезегінде соңғы орында қалып қойды.

Қазақстандық шорт-трекшілер Монреальдегі Әлем кубогына қатысады

Әжіғалиев: 500 м қашықтықта әлем үздігі атанғым келеді

Әжғалиев жарақатынан айыға сала, Қазақстан рекордын орнатты

Қазақстандық шорт-трек шебері әлем кубогы кезеңінің жүлдегері атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер