Қысқы

Әжіғалиев: 500 м қашықтықта әлем үздігі атанғым келеді

news-banner7
mobile-news-top

Солт-Лейк-Сити (АҚШ) қаласында өткен әлем кубогінің бірінші кезеңінде Қазақстан қоржынына бір медаль түсті. Аталған жарыста қола жүлдегер атанған Абзал Әжіғалиев жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті.

- Маусымды сәтті бастағаныма қуаныштымын. Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өткен жарысқа жаз бойы дайындалдым десем, өтірік емес. Алтын алуға да мүмкіндік болды. Дегенмен, мұқият болмаса, пенальти алып қалуым мүмкін еді. Эстафета жарысында бізге пенальти берді. Команда мүшелерімен бұл шешімге келіспейтінімізді айттық.

Өзіме 500 м қашықтықта жарысқа түскен ұнайды. Осы дистанцияда әлем үздігі атанғым келеді. Өздеріңіз білетіндей, шорт-тректен Қытай, Оңтүстік Корея, Канада, Ресей, Венгрия елдерінің спортшылары біздің басты қарсыластарымыз ғой. Соған қарамастан мақсатыма жету жолында аянбай еңбек етемін!, - дейді Абзал Әжіғалиев.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер