Қысқы

Қазақстандық шорт-трек шебері әлем кубогы кезеңінің жүлдегері атанды

Қазақстандық шорт-трек шебері әлем кубогы кезеңінің жүлдегері атанды
news-banner7
mobile-news-top

АҚШ-тың Солт-Лейк-Ситиінде шорт-тректен әлем кубогының бірінші кезеңі аяқталды. Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде де түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ерлер арасында 500 метрлік қашықтықта бақ сынаған Қазақстан құрамасының көшбасшысы Абзал Әжғалиев қашықтықты 39,881 секундта жүгіріп өтті. Ол финалдық сырғанауда Олимпиада чемпионы, қытайлық У Дацзин мен венгриялық Шандор Шаолинь Люге жол берді.

Ерлер арасында 1000 метрге жүгіруден қазақстандық Еркебұлан Шамұханов жарыс жолына шығып, финалға шығу кезінде жарыстан шеттетіліп, ары қарай жарысты жалғастыра алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер