Қуат Хамитовтың қарсыласы мен кездесу өтетін күн өзгерді

Қазақстандық файтер Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегі өтетін күн мен қарсыласы өзгерді, деп жазады Prosports.kz.
Бұған дейін Қуат Хамитов (20-6) 14 желтоқсан күні Сочиде өтетін GFC 22 турнирінде ресейлік Руслан Тедеевпен жұдырықтасады деп хабарланған еді. <br />
Алайда бүгін белгілі болған ақпаратқа сүйенсек, «Найман» GFC21 турнирі аясында өнер көрсетеді. Қарсыласы тәжікстандық Нурилло Алиев (4-0) болмақ. Бұл жекпе-жек кеші 6 желтоқсан күні Самарада (Ресей) өтеді.
Айта кетейік, Қуат Хамитов соңғы жекпе-жегінде төрешілер шешімімен Нариман Аббасовтан ұтылған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или