Мокин 271 минут бойы қақпасына гол өткізген жоқ

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» командасының қақпашысы Александр Мокин 271 минут бойы қақпасына гол өткізген жоқ.

38 жастағы қақпашы қорғаған қақпаға соңғы рет 25 қыркүйекте «Атырау» қорғаушысы Қуаныш Қалмұратов гол соққан.

Қазіргі сәтте қақпасын «құрғақ» ұстап тұрған қақпашылар:

1. Александр Мокин («Астана») — 271 минут;

2. Жасур Нарзикулов («Ордабасы»/«Тобыл») — 111;

3. Ненад Эрич («Астана») – 102;

4. Андрей Пасеченко («Ертіс») — 96.

Айта кетейік, бұл көрсеткіш бойынша биылғы үздік нәтижені «Тобыл» қақпашысы Эмиль Балаев көрсетті. Әзірбайжандық ойыншы 736 минут бойы гол өткізген жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер