ММА

Видео. Конор МакГрегорге дағыстандық азамат бөтелке лақтырды

Видео. Конор МакГрегорге дағыстандық азамат бөтелке лақтырды
news-banner7
mobile-news-top

UFC ұйымының бұрынғы әлем чемпионы Конор МакГрегор Мәскеуге келіп, басы дау-дамайға ілінді, деп жазады Prosports.kz украиналық Sport.ua порталына сілтеме жасап.

Ирландиялық спортшы өзінің негізгі қарсыласы саналатын Хабиб Нурмагомедовты арандату үшін ыза-кекке толы сөздер айтты.

«Хабиб Ресей спортшысы емес сияқты. Оның жеңісінен кейін Ресей туы неге желбіремейді? Хабибтің командасы қайда? Мен ешкімді көріп тұрған жоқпын. Мен Мәскеу төрінде тұрмын. Мен осында ұшып келдім, ол болса ұшып кетті – бұл дағыстандықтар үшін үйреншікті нәрсе. Ал мен тіпті дәретханаға барғым келіп тұрса да, Дағыстанға бармаймын!», деді МакГрегор.

24 қазан күні Мәскеудегі Ritz Carlton қонақүйіне Конордың сөзіне шамданған көптеген дағыстандықтар келді. Көпшілік МакГрегорге айқайлап, оның намысына тиді және осындай жағдай бірнеше сағатқа созылған.

Ертеңінде ирландиялық атышулы спортшы болған жағдай туралы пікір білдірді және сол жердегі біреумен ерегесіп қалды. Конор сұраққа жауап беріп жатқанда оған сол жердегілер бөтелке лақтырған. Күзетшілер лақтырған адамды шығарып жіберді, ал Конор ашуға толы сөздерін тоқтата қоймаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер