Постников «Астана» сапында көп ойын өткізген футболшылар қатарына кірді

Постников  «Астана» сапында көп ойын өткізген футболшылар қатарына кірді
news-banner7
mobile-news-top

Евгений Постников нұрсұлтандық клуб сапындағы 200-нші матчына қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz. «Астана» ФК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Постников - клубта 200 ойын өткізген бесінші футболшы. Осыған дейін Ненад Эрич, Абзал Бейсебеков, Дмитрий Шомко және Марин Аничич осыншама матчқа қатысқан болатын.

Евгений «Астана» сапына 2014 жылы қосылып, осы уақыт аралығында бес рет Қазақстан чемпионы атанып, екі мәрте Қазақстан Суперкубогында топ жарған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер