Жеңілуді білмейтін қазақ боксшысы келесі кездесуіне дайындықты бастады

Кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиев (10-0, 6 КО) келесі жекпе-жегіне дайындықты бастап кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Сәлеметсіздер ме, құрметті қазақстандықтар! Мен жаңа бапкерім Мануэль Роблеспен бірге келесі кездесуіме жаттығуды бастадым. Иншаллаһ, алда талай шыңдарды бағындырамыз», деп жазды спортшы Instagram желісіндегі жеке парақшасына.
Тұрсынғалиевтің жекпе-жегінің өтетін күні мен жері кейінірек белгілі болады.
Еске сала кетелік, Мұса бұдан бұрын панамалық Рикардо Нуньесті 6 раундта мерзімінен бұрын жеңіп кеткен еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или