Жұмағұловтың қарсыласы: Мықты тұсымды жақсы білемін

Жұмағұловтың қарсыласы: Мықты тұсымды жақсы білемін

Салмақ өлшеу кезінде ресейлік файтер Али Багаутинов қазақстандық Жалғас Жұмағұловпен жекпе-жек туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

 - Менің жасыма қарамастан дайындық жақсы өтті. Әрине, қиын болады деп ойладым. Салмақ жоғалту жақсы нәтиже берді. Менің ойымша, бұл қалыпты жағдай, өйткені мен 12 жыл бойы осы салмақты ұстап келемін.

Әдеттегідей дайындық өте жақсы өтті. Тактикалық жұмыс, төзімділік, физика, күрес - барлығына тыңғылықты дайындалдым. Бәріне мұқият қарадық. Мен бұл мүмкіндікке жету үшін ұзақ жол жүрдім. Сондықтан, менің жүрген жолым, сол жолдағы көрген қиындықтарым мені қанаттандырады. Меніңше, бұл менің ең мықты тұсым. Әрине, менің арманым - қарсыласты жеңу. Жеке басына мүлде тиіспеймін, тек спорттық жағынан.  - деді Али Багаутинов.

Естеріңізге сала кетейік, Arlan MMA Pro тобының файтері Жұмағұлов ертең кешке Сочиде өтетін Fight Night Global 95-те ресейлік Али Багаутиновпен жекпе-жекте жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғайды.

Жалғас Жұмағұлов қалай дайындалып жатыр?

Жалғас Жұмағұлов чемпиондық атағын қорғау үшін Сочиге аттанды

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или