Хабибтің туысы: Мирзаевтің соққыға жығылуына біздің әулеттің қатысы жоқ
Хабиб Нурмагомедовтың немере ағасы Умар Нурмагомедовтың айтуынша, ММА файтері Расул Мирзаевтың соққыға жығылуына Нурмагомедовтар әулетінің ешқандай қатысы жоқ, деп жазады Prosports.kz.
- Біздің отбасымыз бұндай лас тірліктерге ешқашан араласпаған. Расул Мирзаев Артем Лобовпен отырғанда, біреулер Артемға тиісе бастады, ол қарсылық танытты. Керісінше, Хабиб Расулға: Абай бол, мына жігіттері саған бірденке жасағысы келеді - деп айтты.
Видеодағы жағдайды көрдім. Жауыздық. Мен оны қолдамаймын. Біреуге өкпеңіз болса, барып жеке шешіңіз, басқаларды артыннан ертудің қажеті жоқ. Олар жазаланбады, табылмады. Егер олар табылса, олар міндетті түрде жазаланатын еді. Бұл тергеушілер үшін үлкен сұрақ», - деді Нурмагомедов.
Айта кетейік, әскери самбодан әлем чемпионы <span>Расул Мирзаевті белгісіз біреулер оның пәтерінде 2016 жылы соққыға жыққан болатын. Алайда, видео жақында ғана желілерде пайда болды. Кейбір деректерге сүйенсек, соққыға жыққандардың арасында Хабиб Нурмагомедовтың туыстары да болған көрінеді. </span>