Әлем футболы

Роналду командаластары мен бапкерлеріне алғыс білдірді

Роналду командаластары мен бапкерлеріне алғыс білдірді
news-banner7
mobile-news-top

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду мәнсабындағы 700-нші голы туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz. украиналық Sport.ua порталына сілтеме жасап.

«Осыншама гол соққаным тамаша жетістік, әрине. Тек Украинадан жеңіліп қалғанымыз ұнжырғамды түсіріп жіберді.

Маған көмектескен адамдарға алғыс білдіремін. Әсіресе командадағы әріптестерім мен бапкерлеріме алғысым шексіз. Мені осындай деңгейге жеткізгендеріңізге көп рахмет», деді Роналду.

Еске сала кетейік, Украина құрамасы Криштиану Роналду бастаған Португалия құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, 2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатына барар жолдамаға ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер