19 қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

19 қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

19 қазақстандық боксшы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан құрлықтық біріншілікте жартылай финалдық кездесулер 16 қазанда өтеді.

Ұлдардан Руслан Күзеубаев (-52 кг), Алтынбек Нұрсұлтан (-54 кг), Сұлтан Бабаханов (-66 кг), Роман Диар (+80 кг), Абдула Патиев (-50 кг), Серік Обзал (60 кг), Ермек Ерасыл (-57 кг) және Мәди Әміров (-80 кг) финалдық жолдама үшін жұдырықтасады.

Жарыстың ½ финалында Қазақстаннан 11 спортшы шаршы алаңға шығады. Олар: Элина Базарова (-48 кг), Анжелика Цой (-52 кг), Милана Аюпова (-63 кг), Назерке Серік (54 кг), Назым Әбдіхан (-60 кг), Валерия Семенова (-70 кг), Анар Тұрысбек (-57 кг), Жібек Жарасқызы (-66 кг), Дидай Дана (-75 кг), Мақпал Ерболатқызы (-80 кг), Диана Магауяева (+80 кг).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или