Бокс

DAZN: Головкин мен Альварес үшінші жекпе-жектерін келесі жылы өткізеді

DAZN: Головкин мен Альварес үшінші жекпе-жектерін келесі жылы өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

DAZN стримингтік қызметінің Солтүстік Америкадағы атқарушы вице-президенті Джо Марковски Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасында үшінші кездесудің жоспарланып жатқанын айтты, деп жазады Prosports.kz.

«Келісімшарттың майда-шүйдесіне тоқталмай-ақ қояйын, дегенмен бұл жекпе-жек келесі жылы өтеді. Канелоның командасы бұл келіссөздерде А тарапы болатыны белгілі. Ол мықты жекпе-жектер өткізуді қалайды, алайда жұрт «Канело» – GGG трилогиясынна куә болғысы келеді және Альварес пен Golden Boy басшылығы мұны жақсы түсінеді, - деді Марковски Boxingscene порталына берген сұхбатында.

Біз келіссөздерді 2 қарашадан кейін жүргіземіз. Олармен жүздесу проблема тудырмайды. Біз Альварестің салмақ көтеру туралы ойын құрметтейміз», деп сөзін аяқтады вице-президент.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер