Кипрге гол соққан Ерланов Бельгияға қарсы ойнамайды

Кипрге гол соққан Ерланов Бельгияға қарсы ойнамайды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Темірлан Ерланов Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Бельгияға қарсы матчқа қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы денсаулығына байланысты ұлттық құрама қатарынан шығып қалды.

«Ерланов ертең ойнамайды, ол ауырып, денсаулығына байланысты командадан кетті», - деді Билек ойын алдындағы баспасөз мәслихатында.

Қазақстан құрамасының Кипрге қарсы өткен ойында (1:2) Ерланов гол соққан болатын.

Еске сала кетейік, Қазақстан мен Бельгия ұлттық құрамалары арасындағы ойын 13 қазан күні 19:00-де Нұр Сұлтандағы «Астана Аренада» өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер