Бокс

Серік Сәпиев: Токио олимпиадасында бокстан барынша көп медаль жеңіп алу керек

Серік Сәпиев: Токио олимпиадасында бокстан барынша көп медаль жеңіп алу керек
news-banner7
mobile-news-top

Токио олимпиадасының басталуына жылға жетер-жетпес уақыт қалды. Демек етек-жеңді жинап, дайындықты мықтап қолға алу керек. Бүгін елордада өткен бокс федерациясының жиынында осы мәселе көтерілді.

Федерация басшысы Тимур Құлыбаев соңғы әлем чемпионатындағы келеңсіз жағдай мен ұлттық құраманың оқу-жаттығуына қатысты біраз сын айтты. Осы жиында федерация басшылығының ауысатыны белгілі болды. Тізгінді енді Кеңес Рақышев ұстайды. Ал Тимур Құлыбаев Ұлттық олимпиада комитетінің төрағасы қызметін атқарады.

- Қазақстан бокс федерацияның жылды қорытындылауға арналған жиынында біраз өзекті мәселе көтерілді. Оның ішінде өңірлерде осы спорттың дамуы айтылды. Бұған қоса, бапкерлер біліктілігін жетілдіру жайын да талқыладық. Ал ең басты тақырып – Токио олимпиадасына дайындық. Яғни алдағы жазғы ойындарға ұлттық құрама нағыз бабында барып, барынша көп медаль жеңіп алу керек, - деді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев.

Бірді-екілі түйткіл болғанымен, бұл жыл боксшылар үшін жемісті. Бүгінге дейін ерлер 6, ал қыздар 5 халықаралық жарысқа қатысып үлгірді. Әлемдік және құрлықтық деңгейдегі жетістіктер бар. Ұлттық олимпиада комитетінің басшылығы бүгін сол жеңіс тұғырынан көрінгендерді құттықтап, арнайы сыйақы табыстады. Бұдан бөлек ауыр атлетика, құзға өрмелеу және күрес түрлері бойынша ел намысын абыроймен қорғағандарға ерекше құрмет көрсетілді.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер