Футзал

«Қайрат» испаниялық «Эль-Посоға» есе жіберді

«Қайрат» испаниялық «Эль-Посоға» есе жіберді
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубы үшін УЕФА Чемпиондар лигасының жаңа маусымы аса сәтсіз басталды, деп жазады Prosports.kz.

Венгрияның Береттьоуйфалу қаласында өтіп жатқан негізгі кезеңдегі алғашқы екі ойында да жеңіліп қалды. Алматылықтар кеше күтпеген жерден ресейлік КПРФ командасына 0:3 есебімен есе жіберген еді. Ал бүгін испаниялық «Эль-Посоға» әлі жетпеді. Есеп - 2:3.

«Қайрат» тізгін тартпай қанша шабуылдағанымен жеңіске жете алмады. Екі ойында да басымдылық өз қолында болғанымен, соңғы нәтиже сүреңсіз болып отыр.

Айта кетейік, чемпиондар лигасының негізгі раундындағы ойындар 8-13 қазан аралығында өтеді. Бұл кезеңде «Қайраттың» әлі бір ойыны бар. Келесі ойын алматылықтар 11 қазанда өткізеді.

Чемпиондар лигасы. 4-топ

«Қайрат» (Алматы, Қазақстан) – «Эль-Посо» (Испания) 2:3

Гол соққандар: Парадински 14, Алекс 22, Валерио 36 – Дуглас 14, Игита 30

«Эль-Посо»: Эспиндола (Қ), Валерио, Андресито, Маттеус, Парадински, Феде (Қ), Альтамирано, Тольра, Альберто, Поль, Алекс, Мигелин (К), Хиль, Фернан.

«Қайрат»: Игита (Қ, К), Эдсон, Диего, Дуглас, Акбаликов, Дуду (Қ), Габриэл, Нұрғожин, Ранжел, Леннон, Есенаманов, Тайеби, Оразов, Луизиньо.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер