«Қазақтар Грозныйда атой салды»
Грозныйда (Шешен Республикасы) ACA 100 мерейтойлық турнирінде Артем Резников пен Асылжан Бақытжанұлы өнер көрсетті, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz сайты.
ACA 100: Fight Day турнирінде 27 жастағы Резников ресейлік Хасан Халиевпен кездесті.<span> Бұл жекпе-жек бірінші раундтың соңында аяқталды. Халиев қазақстандық файтердің үздік әдісіне түсіп қалып, одан екінші мәрте жеңілді. </span>
<span>Артем Резников Хасан Халиевті екінші рет жеңді</span>
ACA 100 мерейтойлық турнирі аясында қазақстандық файтер Асылжан Бақытжанұлы жекпе-жек өткізді. «Сақ» Алексей Стоянмен бақ сынады. Бірінші раундта ресейлік файтер соққының астында қалды.
Асылжан Бақытжанұлы 10-шы жеңісіне қол жеткізді
Қазақстандық файтерлердің Грозныйдағы жекпе-жегінен видеосын назарларыңызға ұсынамыз: