Асылжан Бақытжанұлы 10-шы жеңісіне қол жеткізді

Асылжан Бақытжанұлы 10-шы жеңісіне қол жеткізді

Грозныйда (Шешен Республикасы) ACA 100 мерейтойлық турнирінің алғашқы жекпе-жегі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жартылай ауыр салмақта (93 келі) өнер көрсететін қазақстандық файтер Асылжан Бақытжанұлы (9-1) алғаш боп жекпе-жек өткізді. «Сақ» Алексей Стоянмен бақ сынады.

Бірінші раундта ресейлік файтер соққының астында қалды. Раунд аяқталарға бірнеше секундтар қалғанда рефери жекпе-жекті тоқтатты.

Осылайша, Асылжан Бақытжанұлы өзінің мансабындағы 10-шы жеңісіне қол жеткізді. 

АСА 100. Асылжан Бақытжанұлы жеңіске қалай жетті. Видео

Айта кетейік, ACA 100: Fight Day турнирі аясында Артем Резников өнер көрсеткен болатын. «Спартак» Хасан Халиевті қылқындырып тастады. Осылайша, Артем Резников ACA ұйымындағы дебютін сәтті өткізіп, өз рекордты 20-6-ға жеткізді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или