ММА

Артем Резников Хасан Халиевті екінші рет жеңді

Артем Резников Хасан Халиевті екінші рет жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Артем Резников (19-6) Грозный қаласында өткен ACA 100 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған кеште отандасымыз ресейлік Хасан Халиевпен кездесті. Қос қарсылас сегіз бұрышта бірінші рет кездесіп отырған жоқ. Бұған дейін сәуір айында алматыда жолдары түйіскен. Ол кезде қазақстандық файтер жеңіске жеткен еді.

Ал бүгін ресейлік спортшы үшін қарымта қайтаратын мол мүмкіндік туған еді. Ең маңызды сы жекпе-жек өз жерінде өтіп отыр.

Алайда Халиев бұл мүмкіндікті сәтті пайдалана алмады. Бұл жекпе-жек бірінші раундтың соңында аяқталды. Халиев қазақстандық файтердің үздік әдісіне түсіп қалып, одан екінші мәрте жеңілді.

Осылайша, Артем Резников ACA ұйымындағы дебютін сәтті өткізіп, өз рекордты 20-6-ға жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер