Қазақстандық жеңіл атлет финалға өте алмады
Дохада (Катар) жеңіл атлетикадан әлем біріншілігі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ядро лақтырудан Иван Иванов әлем чемпионатының финалына өте алмады. Жерлесіміз 19,73 метр нәтижені көрсетті.
Ең үздік нәтиже жаңазеландиялық жеңіл атлет Томашай Уалшайға тиесілі - 21,92. Екінші орынға бразилиялық спортшы Дарлон Романи (21,69) жайғасса, үздік үштікті АҚШ өкілі Раян Кроусер (21,67) түйіндеді.
Айта кетейік, Ольга Рыпакова да үштік секіруден іріктеу кезеңінен өте алмаған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или