Халиев Резниковпен алғашқы жекпе-жекке дайын болмағанын айтты
4 қазан күні Грозный қаласында өтетін ACA 100 турнирінде екі қазақстандық файтер сегізбұрышқа шығады, деп жазады<span> </span>Prosports.kz.
Бұл кеште Артем Резников ресейлік Хасан Халиевке қарсы қарымта айқас өткізеді. Қос спортшы арасындағы алғашқы жекпе-жек сәуір айында алматыда өткен. Ол кезде қазақстандық файтер жеңіске жеткен еді.
Хасан Халиев жақында ПАНАЕХАЛИ Youtube арнасына берген сұқбатында алдағы жекпе-жекке дайындығы және алғашқы кездесуде не үшін ұтылғаны жайлы баяндап берді.
«Психологиялық тұрғыда мен жекпе-жекке дайынмын. Бұл кездесуде бәрі өз қолымда деп ойлаймын. Бұл жекпе-жек Рамзан Ахматұлының арқасында өткелі отыр. Оның үмітін жерде қалдырмауға тырысамын. ACA-дан алатын ақша жайлы айтарым аз. Мен оны талқылаған да жоқпын, бастығым осылай шешті, мен қол қойдым. Бұдан кейін не болатынын әлі білмеймін.
Сәуір айындағы жекпе-жекке келсек, ол кезде толық дайын болмадым. Алты ай бойы денсаулығыма байланысты жаттығу жасамағам. Маған жекпе-жектен 12 күн бұрын ғана ұсыныс жасады. Осы аралықта мен 17 келі салақ тастадым. Біз ол кезде титулдық жекпе-жектердегідей бес емес, үш раундтық кездесу өткіздік. Ал алдағы жекпе-жекке тыңғылықты дайындалдым. Жеңіліс әр спортшыда болады, бұда тұрған ештеңе жоқ», - деп қорытындылады Халиев.