Артем Резников АСА ұйымындағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді
Қазақстандық файтер Артем Резников 4 қазан күні Грозный қаласында өтетін ACA 100 турнирінде сегізбұрышқа шығады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Бес жекпе-жек бойы жеңіліс дәмін татпаған спортшымыз Артем Резников ресейлік Хасан Халиевке қарсы қарымта айқас өткізеді.
Аталмыш файтерлер бұрын Аlash Pride FC жəне JFC промоушендарының бірлескен турнирінде кездесіп, төрешілер шешімімен қазақстандық спортшы жеңіске жеткен болатын.
Айта кетейік, Резников <span>әлемдегі ең үздік тұжырымдардың бірі АСА ұйымымен 4 жылдық келісімшартқа отырды.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или