«Қазақ жауынгері» ата-жұртта айқас өткізеді
Жақында ғана Қазақстан азаматтығын алған боксшы Елшат Нығметоллаұлы (14-0-1, 15КО) 12 қазан күні Алматыда өтетін бокс кешіне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Бұл туралы «Қазақстан кәсіпқой боксы» вконтакте-парақшасында мәлім болды.
«Қазақ жауынгері» 29 жастағы Филиппин елінің өкілі Райан Рей Понтераспен (22-14-3, 11КО) жұдырықтасады. Аса жеңіл салмақта өтетін жекпе-жек сегіз раундқа есептелген.⠀⠀⠀
Айта кетейік, Елшат Нығметолла танымал қазақстандық боксшы Қанат Исламның жерлесі. Екі спортшы да Алтайда, Синьцзянь провинциясындағы Іле қазақ автономиялық округында дүниеге келген.
Елшат Нығметоллаұлы: Қанат Исламға ренішім жоқ
Әли Балоев Алматыда титулды жекпе-жек өткізеді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или