Нижат Рахимов әлем біріншілігінің С тобында екінші орынға табан тіреді
Қазақстандың ауыр атлетика шебері Тайландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатының С тобында екінші орын алып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
81 келі салмақ дәрежесінде Нижат Рахимов қоссайыс қорытындысында 334 (145+189) келіні көтерді.
Аталмыш салмақтағы тағы бір жерлесіміз Айдар Қазов жұлқи көтеруде 140 келіге шамасы келмей, жарыстан ерте шығып қалды.
81 келідегі әлем чемпионы А тобында Нұр-Сұлтан уақытымен 16.55-те анықталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или