Қожамбердиев Алматыда титулды жекпе-жек өткізеді

Қожамбердиев Алматыда титулды жекпе-жек өткізеді

Ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Еділ Қожамбердиев кезекті жекпе-жегін Алматыда өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Кездесу 12 қазанда «Алматы-Аренада» өтеді. Қожамбердиев WBA ASIA чемпиондық титулы үшін жұдырықтасады.

Бокс кеші QAZSPORT телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.   

Айта кетейік, Еділ өзінің титулды жекпе-жегін 29 қыркүйекте Ақтөбеде өткізуі тиіс болған. 

<h3>Еділ Қожамбердиев: Елімізде кәсіпқой бокс қарыштап дамуда</h3>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или