Әлем футболы

Неймардың әкесі: Ұлым «Барселонада» бақытты еді

Неймардың әкесі: Ұлым «Барселонада» бақытты еді
news-banner7
mobile-news-top

ПСЖ клубының шабуылшысы Неймардың әкесі әрі агенті Неймар да Силва ұлының «Барселона» ауысуы жайлы айтты.

- Агент ретінде қолымнан ештеңе келмейтінін сезінемін. Келісімшартта оны бұзу туралы тармақ болмағандықтан трансферді жасау қиынға соқты.

Біз бір келісімге келе алмадық. Неймар үшін қолымыздан келгенді істедік, алайда нәтиже шықпады.

Клубтар арасындағы келіссөз әлі аяқталған жоқ. Неймар өзін бақытты сезінетін командада ойнағысы келеді. Ал «Барселонада» ол бақытты еді.

«Барсадағы» достары одан қайтып оралсың ба деп сұрағанда Неймардың көңіл-күйі түсіп кетті », – дейді Неймар да Силва.

Айта кетелік, 27 жасар шабуылшы осы трансфер кезінде париждік команда сапынан ешқайда кетпейді. «Барселона» ПСЖ-мен келісе алмаса, бразилиялық «Реалға» ауысудан өзі бас тартты .

Неймардың ПСЖ-мен келісімшарты 2022 жылдың 30-маусымына дейін жарамды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер