«GGG-ге жеңілетін уақыт келді, бұл жолы - сөзсіз»

«GGG-ге жеңілетін уақыт келді, бұл жолы - сөзсіз»

Америкалық Fightsaga.com сайты қазан айында өтетін Геннадий Головкин —  Сергей Деревянченко жекпе-жегіне болжам жасады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Боксшылар 5 қазан күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде қолғап түйістіреді. Бәске орта салмақтағы IBF белбеуі тігіледі. 

Басылымның пікірінше, Геннадий Деревянченконы жеңуге кедергі жасайтын бір фактор бар. Ол - боксшының жасы.

Қартайған боксшылардың көбісі бокста құлдыраушылықты кешті. Мысалға алсақ, Мохаммед Али, Эвандер Холифилд және Оскар де ла Хойя. Алайда кәрілік келсе де, соққылары балғадай боксшылар да бар. Ол - 49 жасында жеңіске жетіп, мансабын аяқтаған кіші Рой Джонс.

Әуесқой бокста 350-ден астам жекпе-жек өткізген GGG-дің қазіргі таңда мықты қарсыласқа төтеп беруіне бапкерінің, промоутерінің ауысуы көмектесе ала ма? Оны бір айдан кейін білетін боламыз.

«Егде тартқан Головкин қайткенмен де физикалық тұрғыдан шаршады. GGG-ге жеңілетін уақыт келді, бұл жолы - сөзсіз» дейді басылымдар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или