«Астана» тарихындағы үздік бомбардир жаңа клубта бірінші голын соқты
«Астананың» бұрынғы шабуылшысы Патрик Твумаси Түркияның «Газиантеп» командасы сапындағы алғашқы голын соқты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Түркия Суперлигасының үшінші туры аясында «Сивасспор» қақпасына қарсы матчта Твумаси 35-ші минутта гол соқты.
Екінші таймда алаң иелері есепті теңестірді. Осылайша, ойын 1:1 есебімен аяқталды.
Ганалық ойыншы түркиялық клубпен бір жылға келісімшарт жасасты.
«Астананың» бұрынғы ойыншысы өткен маусымда «Алавес» сапында 14 матчта қатысты. Бірақ, көбінесе қосалқы құрамнан алаңнан шықты.
Еске сала кетейік, Патрик Твумаси «Астана» сапында 2013 жылдан 2018 жылға дейін өнер көрсетті. Қазақстандық клуб сапында 171 матч өткізіп, 69 гол соғып, 27 нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или