Бокс

Америкалық тележүргізуші Головкин - Альварес рематчындағы төрешілер қатесін айтты

Америкалық тележүргізуші Головкин - Альварес рематчындағы төрешілер қатесін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Америкалық тележүргізуші Бобби Панахи қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (52-1-2, 34 КО) арасындағы екінші жекпе-жектің нәтижесіне тағы да наразылық білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Атап айтқанда, сарапшы екінші жекпе-жектің соңында Головкин үстем болғанына қарамастан, төрешілер жеңісті «Канелоға» бергенін еске түсірді.

«Мен рематчтың 12-раундын қайта көріп шықтым. Жеңісті «Канелоға» берген екі төрешіні тұтқындау керек. Олар «Канело» қарсыласының басына соққы жасағанда ұпай берген, бірақ соққы GGG-дің қолғабына тиген», - дейді Панахи.

Екінші жекпе-жек төрешілердің шешімімен Альварестің жеңісімен аяқталды. Алғашқы жекпе-жекте боксшылар тең түскен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер