Ой қорыту
Бокс

Бейбіт Шүменов қайта WBA тұрақты чемпионы атанды

Бейбіт Шүменов қайта WBA тұрақты чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) бірінші ауыр салмақтағы үздік боксшылардың рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Бейбіт Шүменов қайтадан WBA тұрақты чемпионы атанды. Бұған дейін қазақстандық боксшы «демалыстағы чемпион» статусын алған еді.

Естеріңізге сала кетейік, Бейбіт Шүменов соңғы рет шаршы алаңға өткен жылдың шілде айында шыққан болатын. Нұр-Сұлтан қаласында өткен бокс кешінде ол түрік спортшысы Хизни Алтункаяны 10 раундта жеңіп, WBA тұрақты чемпионы белбеуін иемденді.

Бейбіт Шүменов кәсіпқой мансабында 20 жекпе-жек өткізген. 18 кездесуінде жеңіске жетсе, 2 жекпе-жегінде қарсыласына есе жіберді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер