Исмағұлов жекпе-жекке артық салмақпен шығады
31 тамыз күні таңертең Шэньчжэньде UFC Fight Night 157 турниріндегі жекпе-жегі алдында салмақ өлшеуден өтті, деп жазады Prosports.kz.
Аталған турнир аясында Ресейде тұратын этникалық қазақ Дамир Исмағұлов бразилиялық Тиаго Мойзеспен жекпе-жек өткізеді. Бұл оның әлемдегі ең үлкен промоушен қатарында үшінші мәрте октагонға шығуы болмақ.
Дамир Исмағұловтың салмағы 155,5 фунтты көрсетсе, қарсыласының салмағы 156 фунтты құрайды екен. Жеңіл салмақтың лимиті 155 фунтты құрағанымен, титулды емес жекпе-жектерге сәл артық салмақпен шығуға рұқсат етіледі.
Исмағұлов - Мойзес жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақыты сағат 11:00-де басталады.
Кездесуді мына сілтемелер арқылы тамашалауға болады: СІЛТЕМЕ 1, СІЛТЕМЕ 2, СІЛТЕМЕ 3.
Айта кетейік, Исмағұлов соңғы жекпе-жегін осы жылдың ақпан айында өткізді. Ол кезде Йоэль Альваресті төрешілердің шешімімен жеңген еді.