Арман Әшімов жеңіске жетті

Арман Әшімов жеңіске жетті

Ресейдің Оренбург қаласында өтіп жатқан М-1 Challenge 104 турнирінде қазақстандық файтер Арман Әшімов жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әшімов <span>бразилиялық Флавио Да Сильв Сантосты төрешілердің шешімімен жеңді. </span>

<span>Қазақстандық спортшы жекпе-жектің алғашқы екі раундында қарсыласынан басым болған. Алайда, шешуші раундта қарсыласының астана түсіп қалып, сәл ырықсыз жағдайда қалды. Сонда да бразилиялықтың қолын сауатты түрде байлап, қуатты соққыларын дарытқан жоқ.  </span>

<span>Бұл ең жеңіл салмақта (57 келі) өнер көрсететін Арман Әшімовтің кәсіби аренадағы 12-ші жеңісі.</span>

<span>Айта кетейік, Арман Әшімов биылдан бастап Ғалымжан Есенов басқаратын "Қазақстанның ММА бойынша біріккен федерациялар Қауымдастығының" қолдауымен өнер көрсетеді. Аталған Қоғамдық бірлестік К.Мәсімов басшылық ететін Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығының құрамына кіреді. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или