«Астананың» Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

«Астананың» Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі қарсыластары анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Елордалық «Астана» футбол клубы бесінші жыл қатарынан Еурокубоктық турнирлердің топтық кезеңінде өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф сатысында «Астана» беларусьтің БАТЭ-сын қос ойынның қорытындысы бойынша жеңіп, топтық кезеңге жолдама алды.

Ал бүгін Монокада өткен жеребе тарту рәсімінде елордалықтар Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі қарсыластарын білді. Жеребе тарту барысында екінші себетте болған «Астана» L тобында өнер көрсететін болды. Қарсыластары - ағылшындық «Манчестер Юнайтед», сербиялық «Партизан», нидерландық «Аз Алкмаар».

Еске сала кетейік, «Аз Алкмаар» бұрын «Ақтөбе» және «Қайратпен» кездескен болатын.

Өткен маусымдағы Еуропа лигасының екінші кезеңінде алматылықтар бұл клубты еурокубоксыз қалдырған еді.

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер