Арман Әшімовтің жекпе-жегін Qazsport арнасы көрсетеді
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімов Оренбург қаласында өтетін М-1 Challenge 104 халықаралық турнирінде өнер көрсетеді, деп жазады Prosports.kz сайты.
Аталған турнир бүгін, яғни 30 тамыз күні Ресейдің Оренбург қаласында өтеді. Бұл кеште Арман Әшімов бразилиялық Флавио Да Сильв Сантоспен жұдырықтасады. Бразилиялық спортшы бұған дейін 12 жекпе-жек өткізіп, 9 мәрте жеңіске жеткен. Ал аралас жекпе-жек кешін Qazsport арнасы тікелей эфирден көрстеді.
Арман Әшімовт мансабында 11 рет жеңіске жеткен. Ең жеңіл салмақта (57 келі) өнер көрсететін Әшімов әлемдегі ең үздік нокаутшылардың бірі саналады. Ол жанкүйерлерге жылдам соққылары және мығым техникасымен танымал.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или