Бокс

Головкин журналиске ресейлік емес екенін айтты

Головкин журналиске ресейлік емес екенін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин FOX News радиосының The Ashley Webster бағдарламасына көлемді сұқбат берді, деп жазады Prosports.kz.

Сұқбат барысында боксшы өзінің балалық шағы, мансабы, АҚШ-тағы өмірі, отбасы жайлы және украиналық Сергей Деревянченкомен өтетін жекпе-жегі туралы сөз қозғады.

GGG бокспен 8-9 жасынан бері айналысатынын айтты. Оның айтуынша, ата-анасы алғашында Генаның бокспен емес, футболмен айналысқанын қалаған екен.

22 жасынан бастап туған елінен жырақта жүрген боксшы қазір Лос-Анджелесте тұрып жатқанын айтты. Бірақ ол өз Отаны мен қазір тұрып жатқан елді салыстырып, бірін жақсы, бірін жаман деуден бас тартты.

Өзінің табысын отбасы үшін жұмсайтынын айтқан Головкин қымбат көліктер мен сауық-сайранға әуес емес екенін жеткізді.

Ал сұқбат барысында қазақстандық жанкүйерлер үшін ең қызықты эпизод - Головкин қай елдің азаматы екенін айтқаны болды. Онда Головкин өзінің ресейлік емес, қазақстандық екенін айтты.

Диалог былайша өрбіді:

- Ресейлік боксшылар - мықты. Өте мықты.
- Кім? Маған атаңызшы? Ешкім білмейді.

- Біз сенен сұрағымыз келген.
- Мен Ресейден емеспін.

- Қазақстаннан, окей.
- Бұл Ресей емес!

- Бұрын бұл Кеңес Одағы болды ғой.
- Көп уақыт бұрын, иә.

Айта кетейік, Головкин-Деревянченко жекпе-жегі 5 қазан күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде өтеді. Бұл кездесуде орта салмақтағы IBF тұжырымының белдігі сарапқа салынады.

Головкин - Деревянченко жекпе-жегінің билет бағасы анықталды

Альварес тағы бір белдіктен бас тартты

GGG Деревянченкодан кейін кіммен қолғап түйістірмек?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер