Бокс

Альварес тағы бір белдіктен бас тартты

Альварес тағы бір белдіктен бас тартты
news-banner7
mobile-news-top

Мексикалық боксшы Сауль Альварес қыркүйекте шаршы алаңға шықпайды, деп жазады Prosports.kz.

WBC Мексиканың тәуелсіздік күніне (14 қыркүйек) орай жаңа белбеу шығаруды жоспарлаған болатын. Ол жүлдеге жоспар бойынша «Канело» таласу керек еді. Әйткенмен, боксшы қыркүйек айында рингке шығудан бас тартып отыр.

Осыған дейін белгілі болғандай Альварес шаршы алаңға қараша немесе желтоқсан айында оралуды көздеп отыр. Сондықтан ол қыркүйек айында жекпе-жек өткізбейді.

Boxingscene.com басылмының жазуынша, даңқты боксшы бас тартқандықтан WBC ұйымы жоспарланған жаңа белдікті шығармайтын болды.

Айта кетейік, осыған дейін «Канело» IBF тұжырымының белдігінен бас тартқан болатын. Ал ол титул үшін қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко жекпе-жек өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер