«Құпия» ақпарат
ММА

Хабибтің намысына тиіп жүргендер кімдер?

Хабибтің намысына тиіп жүргендер кімдер?
news-banner7
mobile-news-top

Соңғы жылдары ММА спортшысы Хабиб Нурмагомедовті ғаламтор беттерінде жанкүйерлер де, спортшылар да келемеждеуді шығарды. Ресейлік спортшының салқынқандылығы, артық сөз айтпайтынын пайдаланған оның қарсыластары талай намысына тиді.

Тони Фергюсон

UFC спортшысы қарсыласын келемждеу үшін тамақты таңдаған екен. Тирамису қатысты қалжың екі жылдан бері жалғасып келеді. Хабибтің Дастин Порьеге қарсы жекпе-жегінің алдында мұндай әжуаның не қажеті бар екені түсініксіз. Тони ресейлік спортшының намысына тигісі не жанжал шығарғысы келіп жүрген сияқты. Жақында ол Twitter-дегі парақшасына Хабибке тирамису әкеліп:«Бұл тирамису уақыты, қанш*қтар» сөйлеген сәті бейнеленген анимациялық роликті жүктеді.

Мұнымен қоймай, америкалық спортшы Хабиб Нурмагомедовті семіз деп келемеждеп, оның артық салмағына тисе беруін қоймай келеді. Бұл арқылы Тони Хабибті жекпе-жекке шақырғысы келетіні анық.

Конор Макгрегор

Макгрегор мен Нурмагомедов біраз жылдан бері өштесіп келе жатқанын ММА жанкүйерлері жақсы біледі. Ал қос спортшының жекпе-жегінен соң октагон сыртындағы төбелесінен кейін бір-біріне деген өштестік өрши түсті. Жақында Конор Макгрегор мансабын жалғастыратынын мәлімдеген болатын. Ирландиялық спортшы Хабибтің намысына тиетін мүмкіндікті қалт жібермейді: «Сенің ақшаңды алып, ал бауырларыңның көзін көгертіп тасады. Сен болсаң кішкентай тышқансың. Вива Лас-Вегас! Бізді керемет кеш күтіп тұр», - деп жазды Макгрегор әлеуметтік желідегі парақшасында.

Осылайша Конор Хабибті қарымта жекпе-жекке шақырып, кеткен есесін қайтарудың мүмкіндігін қарайластырып жүр.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер