«Милан» «Атлетиконың» жартылай қорғаушысын қатарына қосады
«Атлетико» клубының жартылай қорғаушысы Анхель Корреа жақын уақытта «Миланның» сапына қосылады. <br /><br />La Gazzetta dello Sport басылымының мәліметінше, қос тарап бір келісімге келген. «Милан» футболшы үшін 35+5 миллион еуро төлеуге келіскен. Сондай-ақ «Милан» Корреаны болашақта сататын болса түскен қаражаттың 30% «Атлетикоға» береді. <br /><br />Бұған дейін белгілі болғандай «Атлетико» Анхель Корреаның сатылымынан түскен қаражатты «Валенсияның» шабуылшысы Родригоны қатарына қоспақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или